Осы демалыс күндері Алматыда қайғылы оқиғалардың басталғанына 40 күн болады. Қала тұрғындары қаңтардың қанды аптасын қасіретпен еске алады. Ресми мәліметтер бойынша, тәртіпсіздік кезінде барлығы 225 адам мәйітханаға жеткізілді. Оның 19-ы-полиция және әскери қызметкерлер. 4,5 мыңнан астам азамат зардап шекті. Жәбірленушілер мен қаза болғандардың туыстары қоғамдық көмекке жүгінуде. Ал сол күндері қорланған әйелдер жағдайларын айтып енді келіп жатыр. Осылайша, бұрын белгісіз болған фактілер нақтылануда. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Адвокат Айман Омарова «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова әйелдердің бірі сол күні топпен зорланғаны туралы айтып берді. “Бірақ ол арыз жазғысы келмейді, мен адамды арыз жазуға мәжбүрлей алмаймын. Сол күні топпен зорлау болды. Олар оны сүйреп апарып, зорлаған. Әйелдің шок алғаны соншалықты, “Оларды тани аласың ба?” дегенде, “Бірін ғана, қалғандарын жоқ” деді”, – деп түсіндірді Омарова. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың арасында оқиғаның эпицентріне кездейсоқ түскен ондаған адам бар. Содырлар көшеде бейбіт азаматтарды ұрып-соғып, жеке меншік автомобильдерді айдап кетіп отырған. Ал жүргізушілер мен жолаушыларды жерге құлап, аяусыз ұрып-соққан. Кейін көптеген зардап шеккен азаматтар ауруханаларда қайтыс болды. Кейбір әйелдер қазір құқық қорғаушыларға зорлау фактілері туралы енді айтып жатыр. Қоғамдық белсенділер мен заңгерлер зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге тырысады. Айтуыларынша, олардың барлығы дерлік психологтардың қолдауын қажет. Қаңтардың басында хабар-ошарсыз кеткен туыстарын іздегендер көмекка алуға жүгініп жатыр. Солардың бірі ағасын тіздеп Жаңаөзеннен Алматыға келген Мейіргүл Қанатпаева. “Мен 1993 жылы туған ағам Мақсет Қанатпаевты ағасын іздеп жүрмін. Өзім Жаңаөзенде тұрамын. Алматыға ағамды іздеу үшін арнайы келдім. Ол 6 қаңтарда Алматыға келіп, сол күні жоғалып кетті. Сол сәттен бастап оның қайда екендігі туралы мәлімет жоқ. Егер менің ағамды біреу көрген болса, көмектесіңіздерші”, – дейді Мейіргүл Қанатпаева.