Саясат Тоқаевтың баспасөз хатшысының «алтын» сағаттары желіде қызу талқыға түсті Редактор 15.02.2022 4319 1 оқу мин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли таққан «алтын» сағаттар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен. Алайда Берік Уәлидің өзі қымбат сағаттар тағатынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Берік Уәли Бұған дейін қазақстандық Telegram-арналардың бірінде Уәлидің қолындағы сағаттар шамамен 30 мың доллар тұратыны жайлы ақпарат тараған. 13 ақпанда мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларынан кейін қаза тапқан азаматтардың 40 күндігіне орай Хазірет Сұлтан мешітіне барған. Осы кезде баспасөз хатшысының да болғанын көруге болады. Берік Уәли ақпараттың жалған екенін және сағаттардың бұдан әлдеқайда арзан екенін айтады. «Жылтыраған сағаттың бәрі алтын емес», — деді ол. Сонымен қатар әлеуметттік желіде Сарыарқа ауданының жаңа әкімі баспасөз хатшысының інісі екені туралы да ақпарат тараған. «Жүсіпов Жұмағұлмен ешқандай туыстық қатынасымыз жоқ. Оның кім екенін білмеймін, бұрын мүлде араласпағанмын», — деп мәлімдеді ол КазТАГ басылымына берген сұхбатында. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 110781 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 120647 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 126968