Саясат Қылмыс әлемінің серкесі Рыжий Алмастың қарындасы Айка-Бегемот туралы не білеміз? Редактор 17.02.2022 13142 1 оқу мин 15 ақпанда Алматы мен Алматы облысында «Қазақстан» ұйымдасқан қылмыстық тобының көшбасшылары ұсталды. Қазір құқық қорғау органдары тәркіленген қару-жарақты сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізуде, сондай-ақ қаңтар оқиғаларына қатыстылығы анықталуда. Осыған байланысты қылмыс әлемінің серкесі Рыжий Алмасты еске түсірмеске болмас. Ал 1998 жылы қайтыс болғаннан кейін оның ісін қарындасы Айка-Бегемот жалғастырды. Сонымен ол кім? Неге ол Айка-Бегемот аталды? Рыжий Алмастың қарындасы туралы Caravan.kz медиа порталының тілшісі егжей-тегжейлі анықтап көрді. Қылмыс әлеміндегі әйелдер деген кезде ең бірінші кезекте – Айка Бегемот еске түседі. Айка-Бегемот ол – Несіпбай Нәсеновтың яғни, қылмыс әлемінің серкесі — Рыжий Алмастың туған қарындасы. 1998 жылы “Рыжий Алмас” ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Несіпбай Нәсенов қайтыс болған кезде, ол ұйымды оның қарындасы қолға алады. Әлеуметтік желідегі ақпараттар бойынша, Айка-Бегомоттың шын есімі – Айгүл Оспанова. Ол қазіргі таңда қылмыстық топтағы ісін қойып, бизнеспен айналысатыны белгілі болды. Айка-Бегемот деген лақап ат оған жайдан жай қойылған жоқ. Оның салмағына байланысты оны қылмыс әлемдегілер осылай атап кеткен көрінеді. Ғаламтордағы ақпарат бойынша ол 1962 жылы өмірге келген. Яғни, қазір ол 60 жаста. Оның қазіргі таңда БАӘ өмір сүріп жатқаны белгілі. Ресейлік Проза. Ру басылымының ақпараты бойынша ол ағасы, Рыжий Алмастан мұра ретінде қалған Швейцария мен Испаниядағы шоттар арқылы 300 арнайы баскесерлерді таңдап алғаны жайлы жазған. Қазіргі таңда Айка-Бегемот туралы ақпарат өте аз. Оның дәл қазіргі уақытта немен айналысып жүргендері, қайда жүргені беймәлім. Дегенмен оның ағасы, “Транстелеком” АҚ бұрынғы президенті — Асқар Нәсеновтың 2020 жылы 4 жылға бас бостандығынан айырылғаны мәлім. Автор: Ғалымжан Сәңкібаев Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 110225 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 120477 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 126586