Саясат «Қазіргі жағдай соғысқа алып барады»: Атыстан кейін тұрғындар эвакуацияланды Редактор 19.02.2022 5551 1 оқу мин 18 ақпан күні кешке Донецк пен Луганск халық республикаларында бірнеше ірі жарылыстар орын алды. Жергілікті БАҚ өкілдері Донецкте тұрақта тұрған көлік жарылды деп мәлімдеді. Ал Луганскіде газ құбыры мен газ құю бекеті жарылған. Қазір бейбіт тұрғындарды Ресей аумағына эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz басылымына сілтеме жасап. Донецк Бұған дейін Донецк пен Луганскіде Украинаның қарулы жасағы атыс бастағаны туралы хабарланған еді. Ал 18 ақпан күні түнде тұрғындардың алғашқы легі аймақтан шығарылған. Донецк тұрғындарын Ресейдің Ростовск облысына эвакуациялауда. Кейінірек өзге аймақтар да босқындарды қабылдауға дайын екенін жеткізді. Олардың қатарында Архангельск пен Челябинск облыстары бар. «Донецк пен Луганкскіде орыс азаматары көп, олар шұғыл жағдайда туған мекендерін тастап кетуге мәжбүр. Қазір бірінші кезекте бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін ойлау керек. Біздің президентіміз осы республикалардағы босқындарды қолдау жөнінде мәлімдеме жасады», — деді Архангельск облысының губернаторы Александр Цыбульский. Ресейдің Төтенше жағдай министрлігі Донецк пен Луганскі тұрғындарының Ресейдің өткізу пункттерінен автобус және жеке көлікпен өте алатынын жеткізді. Қазір 25 мыңға жуық адам Ресей шекарасынан жеке көлікпен өткен. Сонымен қатар Ресей билігі шекарадан азаматтардың кез келген төлқұжатпен өтуге болатынын қосып өтті. Ал азаматтар эвакуацияланған Ростовск облысында жоғары дайындық режимі енгізілген. Донбасспен шекарада 15 бақылау-өткізу пункттері жұмыс істеп тұр. Ал 19 ақпанда темір жол құрамы қосылмақ. Әр құрамда 10 вагон болады. Бұл босқындарды шығару үшін пайдаланылады. Тұрғындарды эвакуациялаумен қатар жергілікті билік 18 ақпаннан 19-на қараған түні тоқтаусыз атыс болғанын айтқан. Кей дерек көздерінде украиналық әскерилердің Васильева, Докучаевск, Первомайск елді мекендері мен Металлист, Славяносербск, Зайцево ауылдарын атқылағаны айтылған Түнде бірнеше жарылыс та естілген. Кейін мұның газ құбыры екені анықталды. Украинада орын алған жағдайдан кейін АҚШ президенті Джо Байден брифинг кезінде Донецк пен Луганкскі атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. «Бір апта көлемінде бір ресейлік сепаратистердің Донбасстағы Украинаны арандату үшін атыс режимін тоқтату режимін бірнеше рет бұзғанын байқадық», — деді Байден. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 110225 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 120477 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 126586