Саясат Доллардың құны 700 теңгеге қашан жетеді? Редактор 09.03.2022 10392 1 оқу мин Ресей рублінің құны күн өткен сайын құлдырап барады. Солтүстік көршінің экономикасы Батыс елдерінің санкциясынан тұралап қалғаны сонша, бұл елдің валютасының құнсыздануы теңгеге де әсер етуде. Апта ортасына қарай Forex инвест-платформасында 1 доллар 133 рубльге сатыла бастады. Бұл 1 долларға 177 рубль төлеген «дүйсенбінің тоқырауымен» салыстырғанда жақсы нәтиже, деп хабарлайды Экспресс К. Есесіне теңгенің құны ресейлік валютамен салыстырғанда едәуір өскен. 8 наурыз күні 1 рубльдің құны 3,76 теңгені құраған. Бұл ретте, теңге мен рубль арасындағы сауда рекорды 2015 жылы тіркелгенін айта кету керек. Сол жылдың ақпанында 1 рубльді 2,88 теңгеге сатып алуға болатын. Ресей ақшасының құнсыздануы бұл елдің басты экономикалық әріптесі саналатын Қазақстан үшін алаңдайтын жағдай. Отандық сарапшылар ұлттық валютамыз да девальвацияға ұшыраған жағдайда 1 рубльге 5,5 теңге беруі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл 1 доллардың құны 720 теңгеге жетуі мүмкін деген сөз. Мамандар санкциялардың салдарынан Батыспен тікелей сауда жасау мүмкіндігінен айырылған ресейлік кәсіпкерлердің енді Қазақстан арқылы қажетті импорттық тауарларды сатып алуға кірісерін болжап отыр. Бұл отандық нарықта рубльдің үлесі артып, шетелдік валютаның көлемі азаюына алып келуіне соқтыруы мүмкін. Сол себепті мамандар теңгені құнсыздандырудан сақтаудың бір ғана жолы — 1 рубльдің бағасын 3 теңге деп белгілеу қажет деген пікірде. Аталмыш мәселеге қатысты басты сұрақ — мұнай қымбаттаған сайын теңге неге құнсызданып барады? Дәл қазір бір мұнай баррелінің бағасы 126 долларға жетті. Ал ақшаларын банктерде теңгемен сақтайтын азаматтарға депозиттерінің 10 пайызын мемлекет есебінен өтеу жеткіліксіз болып қалатын қаупі бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 27105 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 52849 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 58115