Саясат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты Редактор 05.05.2022 10518 1 оқу мин Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты тереңдетудің, оның ішінде өзара сауда көлемін арттырудың, өнеркәсіптік кооперация мен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $1 млрд асқанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ тараптар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу секілді бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 42100 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 69417 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 77616