Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» туристік форумының екінші күні басталды. Халықаралық туризм, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, сондай-ақ туризм және мәдени мұра саласы бойынша ғылыми-техникалық әріптестіктің аясын кеңейтудің мәселелері сөз болған форумның екінші күні ШЫҰ-на мүше елдер арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қоюмен жалғасуда. ШЫҰ-на мүше елдердің бір бірін қолдауда мүмкіндігі зор екенін атап өткен Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары — Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов «ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің, бақылаушылар мен серіктестіктердің мәдени мұрасының жалпы саны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының 207 нысанын құрайды. Олардың туризмді дамытуда айрықша маңызы бар және ғасырлар бойы әлемнің әр түкпірінен туристерді тартып отырады. Сол себепті ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің туристік қоғамдастығымен әріптестік байланысты, туристік өнімді ілгерілетуді, имидждік қолдауды және туристік ресурстарды қорғауды күшейте түсу қажет, сондай-ақ бар күшімізді ШЫҰ-ның ішкі туризмін дамытуға жұмсауымыз керек. Өзбекстан ежелден бүкіл дүние жүзі саяхатшыларының назарын аударып, тартымды да қызықты бағыттардың бірі ретінде шетелдік басылымдардың мойындауына ие болған Ұлы Жібек жолының орталығы болып табылады. Елде 8,4 мың мәдени мұра нысаны бар. Олардың ішінде 209-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы нысандарының тізіміне енген төрт музей-қаланың құрамында. Олар Хиуа қаласындағы «Ичан Қала», «Бұхара қаласының тарихи орталығы», «Шахрисабз қаласының тарихи орталығы» және «Самарқанд — мәдениеттің қиылысы» дейді.