Саясат Елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат ететін әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады Редактор 26.05.2022 8915 1 оқу мин Елдің саяси жаңғыруы туралы шешімді қабылдауды халықтың өз қарауына қалдыруды жөн көрді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның биыл ұсынған реформалары референдумда халықтың дауыс беруі арқылы қабылданатын конституциялық өзгерістерде көрініс таппақ. Жаңартылған Конституция қабылданғаннан кейін Мәжілісті жасақтаудың 70/30 қатынасындағы аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Яғни, Мәжіліс депутаттығына азаматтар партиялық тізім бойынша ғана емес, өзін-өзі ұсынуы арқылы да сайлана алады. Облыстық мәслихаттардың депутаттары да 50/50 қатынасында сайланады, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттарды сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшу жүзеге асады. Бұл азаматтардың Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтауға тікелей қатысуын арттырады. Қазір партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайды. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы төмендеп, олар өз даусының маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбеді. Сонымен қатар сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтару тетігі енгізіледі. Билік пен саясатқа тікелей араласып, елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат ететін әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады. Есеналиев Аскат Ералыұлы з.ғ.к., доцент, Ұлттық заң ғылымдары академиясының академигі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 41930 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 69276 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 77457