Саясат Парламент депутаттарының өкілеттігін күшейтуге ерекше мән берілген Редактор 27.05.2022 5646 1 оқу мин Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформаларда Парламент депутаттарының өкілеттігін күшейтуге ерекше мән берілген. Мысалы, қазір Парламент қандай да бір облыстың немесе ауданның бюджетін тексере алмайды. Ал өңірлерге үлкен көлемде республикалық қаражат бөлінеді. Ел бюджетін бекітетін Парламент үшін бұл қаржының не үшін жұмсалып жатқанын білу маңызды. Қазақстандықтар Конституцияға түзетулерді қабылдаған жағдайда депутаттардың бюджет қаражатының шығыстарын бақылау мүмкіндігі пайда болады. Осылайша, Есеп комитеті мен барлық тексеру комиссияларын жылына екі рет Мәжіліс депутаттары алдында жария түрде есеп беретін Аудиторлық палатаға біріктіру ұсынылады. Яғни Мәжіліс республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерді бақылай алады. Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың өзі аралас мажоритарлық-пропорционалдық модель бойынша өтетін болады. Яғни, егер бұрын кандидаттар партиялық тізімдер бойынша өтетін болса, енді реформалар қабылданғаннан кейін депутаттардың бір бөлігі бір мандатты округтерден сайланады. Оларға қарапайым азаматтар дауыс береді, ал депутаттыққа кандидаттар өзін-өзі ұсынады. Бұдан басқа, егер азаматтар олардың жұмысына қанағаттанбаса, қазақстандықтар бір мандатты депутаттарды депутаттықтан кері қайтарып ала алады. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді Бұл түзетулер ілгерлемелі сипатта болады, сондықтан алдағы 5 маусымдағы референдумда сол үшін дауыс беруіміз керек. #CCS Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 108827 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 118834 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 125066