Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мәлім етті. Оның айтуынша, осы жылдың 1-ші мамырындағы статистикалық мәлімет бойынша қала халқының саны 893,8 мың адамды құрап, 4,2 пайызға артқан. Ал өнеркәсіп кәсіпорындарымен 97,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 872,8 млн.теңгені құрап, 1,4 пайызға өсіп отыр. Сондай-ақ, іске қосылған тұрғын үйдің жалпы алаңы 135,6 мың шаршы метр. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2 пайызға өсіп отыр. Баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Елбасының Ұлт жоспары бес институционалды реформасын жүзеге асырудағы «100 нақты» қадамның орындалу барысын баяндады.