Саясат Ерлі-зайыптылар өз таңдауын жасады Редактор 05.06.2022 8931 1 оқу мин Бүгін еліміз үшін айтулы оқиға – референдум күні. Аудан тұрғындары таңғы 07:00-ден бастап аудан аумағында орналасқан референдум учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауда. Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Темірлан е/м №456 референдум учаскесіне бірінші болып Әлиевтер (жас) отбасы, Мырзамсиевтер, Әділбековтер әулеті мен ауданымыздың ардагер ақсақалы Лесбек Жүсіп жұбайымен бірлікте барып, саяси науқанда өз таңдауын жасады. Референдумға қатысқан жас жұбайлардың айтуынша әрбір аудан азаматы бұл тарихи оқиғадан қалыс қаламуы керек. Еліміздің дамып, гүлденуін ойлайтын әрбір азаматтың санасында саяси белсенділік басым болуы тиіс дейді. Айта кетерлігі, ауданымызда қазіргі таңда жалпы саны 49 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Еліміздің болашағы мен азаматардың ертеңі үшін шешімдер қабылданатын саяси науқанға аудан тұрғындарының қатысу белсенділігі жақсы. Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 6552 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 10467 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 439021