Саясат Күдіктіге бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалды Редактор 08.06.2022 7859 1 оқу мин Бүгінде біреуге сеніп, мүлкін тапсыру қиынға айналғаны жасырын емес. Сеніп тапсырылыған өзгенің дүниесін өзінікіндей көрі, саудаға салу біреудің құқығын таптау екенін естен шығарып алатындардың көп екені өкінішті. Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адам өз арызында жақын танысының жеке мүлкін иемденіп алғанын көрсеткен. Яғни жәбірленуші жайылымда мал бағатын танысына 1 бас сиырын сеніп тапсырған. Алайда бақташы азамат өзіне сеніп тапсырылған өзгенің малын сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 200 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері орын алған қылмысты ашу мақсатында жедел іздестіру шарасын ұйымдастырды. Осы қылмыстық іс бойынша жергілікті тұрғын анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің жасырын ғашығы болып шықты. Оған жәбірленуші сиырын сеніп тапсырған. Алайда күдікті сеніп тапсырылған мүлікті сатып, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды. Нәтижесінде, Келес аудандық сотының үкімімен ұсталған ер азамат ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 6643 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 10533 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 439038