Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Болатбек Бақтиярұлы тағайындалды.
Болатбек Бақтиярұлы 1980 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы саясаттанушы, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы қоғамдық ұйымдармен жұмыс және жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2002-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг, әкімшілік, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарды.
2010-2016 жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылғы наурыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келеді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі