Саясат Айбындықтар абыройды асқақтатты Редактор 01.07.2022 5952 1 оқу мин Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы ««Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» №724 қаулысының «Жастарды әскери–патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру: жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық тәрбиелеу бойынша мастер–кластар, пікірталас алаңдарын өткізу және тағы басқалар» туралы 7-ші іс-шарасын және Қазақстан Республикасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі бойынша кеңейтілген отырыстың 2021 жылғы 8 сәуірдегі №1 хаттамасымен бекітілген «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру мақсатында бүгінде елімізде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның ішінде жастарды әскери дайындығын шыңдайтын «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Жас сарбаздардың әскери дайындығы сын тезіне түсетін сайыс аса тартысты өтеді. Оған әбден ысылған, әскери дайындығы мықты жастар қатысып, өздерінің мықтылықтарын дәлелдейді. Биылғы әскери жиын да аса тартысты өтті. Еліміздің түкпір түкпірінен жиылған ылғи «сен тұр, мен атайын» сынды кіл мықтылар бас қосты. Қазылар алқасына да кім мықтыны анықтау қиынға соққаны анық. Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де сынға салды. Түркістан облысының жас сарбаздары ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өткен «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына жүлделі ІІ-орын иеленді. Жыл сайын жүлделі орынды қанжығаларына байлайтын түркістандық өрендер биыл да ұстаздарының мерейін өсірді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 105718 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 115999 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 122373