Қыркүйек айының ортасында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаев кездеседі. Бұл сапар Тоқаев Президент болып сайланғаннан кейін алғашқы ресми сапары. Бұл жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға тың серпін береді деп күтілуде. Сапардың дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа тұс келді. Екі ел арасындағы көршілік қатынас пен ынтымақтастық туралы шарттың 20 жылдығы қарсаңында өткізудің өзіндік маңызы бар. Отыз жылда Қазақстан мен Қытай өзара құрмет, теңдік және өзара тиімділік қағидатынан, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан достық пен тату көршілік тұжырымдамасын жалғап келді. Қазақстан қабылданып жатқан бастамалары ешқашан Қытай мүддесіне қайшы келген емес. Осы орайда көршіміз барлық жағынан Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе, бұл ынтымақтастық эпидемияға қарсы кезеңде байқалды. Қиын кезде екі ел татулығын дәлелдей білді. Екпе керек сәтте көршіміз «Vero Cell» вакциналары біздің елге миллиондаған дозаларын жеңілдікпен жеткізе білді! Саяси салада диалогты одан әрі дамытуға екі мемлекетте мүдделі. Оған дәлел-ҚХР басшылығының жаңа Қазақстанның құрылысы бойынша реформаларды қолдауы. Белсенді дипломатия туралы бірінші жартыжылдықта әртүрлі деңгейде 64 іс-шара ұйымдастырылды. Екі мемлекеттің басшысы мен сыртқы істер министрлері бетпе-бет байланыс, тұрақты хат алмасу және телефон арқылы сөйлесу арқылы тығыз қарым-қатынас үлгісін көрсетіп келеді. 2022 жылғы ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Аспан асты еліне жеке өзі барып, саяси сенімді тереңдетуге және кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Қазақстан-Қытай экономикалық ынтымақтастығы пандемияда үлкен сынақтан өтті. Осы кезде жоғары тұрақтылықты көрсетті, біртіндеп бастапқы көрсеткіштеріне қайта оралды. Шекарада барлық өткізу пункттері жұмыс істеп тұр, қазақстандық тауарларды кезең-кезеңімен әкелу басталды. Тұрақты жолаушылар тасымалы жаңартылды. Жүк тасымалдау саласында да оң үрдістер байқалды. Күніне орта есеппен 12-14 жүк пойызы шекарадан асты. Статистика түрленгенімен, кез-келген жағдайда өсім сақталды. Қазақстандық тараптың мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында екіжақты сауда көлемі 8,8 млрд долларды құрады. (+26,3%), Қазақстандық экспорт 30,7% — ға өсіп, 5,1 млрд АҚШ долларына жетті. Ал импорт-3,7 млрд доллардан асты. (+20,4%). Қытай кедені деректеріне сүйенсек тауар айналымы 11,5 млрд АҚШ доллары.(+18,4%). Екіжақты инвестициялық өзара іс-қимыл екі мемлекеттің экономикасын дамытудың жаңа драйверіне айналды. Бірлескен өнеркәсіптік нысандар іске қосылды. Биыл болат дәнекерлейтін құбырлар шығару және табиғи тасты өңдеу бойынша өнеркәсіп іске қосылды. Өндірістік-логистикалық база мен жел электр станциясы құрылысы басталды. Жақында Атырау облысында полипропилен өндіретін интеграцияланған газ-химия кешені пайдалануға беріледі. Оның құны 2,6 млрд. Оның құрылысы бес жылда аяқталуға жақын. Ақтөбе мен Сианда екі елдің бас консулдықтарын ашу процесі аяқталу сатысында. Қазақстандықтар үшін 14 күндік визасыз режим бойынша ҚХР тарапынан тепе-теңдікті сақтау мәселесі белсенді түрде іске асты. Белсенді мәдени-гуманитарлық жұмыссыз достық пен тату көрші болу мүмкін емес. Си Цзиньпиннің алдағы сапары барысында мәдениет орталық ашу туралы келісімге қол қою жоспарлануда. Торайғыров атындағы Павлодар техникалық университеті жанындағы Қытай ғылыми-техникалық университетінің филиалы ашылады деп күтіледі. Жалпы, қазір Қазақстандық студенттер Қытайдың 147 үздік университетінде білім алуда және мамыр айында олар аспан асты елінде күндізгі оқуға оралды. Қызықты білім беру жобасын Қазақстан мен Қытайдың екі ірі ЖОО жүзеге асырды. Нанкин педагогикалық университеті Л. Гумилев Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп. биылдың өзінде қос дипломды білім беру бағдарламасын бастайды. Екі елдің студенттері әр университетте екі жыл оқиды. Қазақстандықтарға ҚХР үкіметтік стипендиялары бөлінеді және қытай тілін тегін оқытатын болады. Сондай-ақ, ЕҰУ-да «Лу Баня шеберханасы» пайда болуы мүмкін, бұл Қытай тарапының толық қаржыландыруымен 20-дан астам елде жұмыс істейді. Аталмған мекеме іс жүзінде кәсіптік — техникалық оқу үйретеді. Мақсаты-ҚХР-ның шет елдердегі ірі инфрақұрылымдық жобаларын кадрлық қамтамасыз ету. Қазақстанға Қытай сияқты мықты әрі ықпалды көршінің болуы өте тиімді. Біздің халықтарымыздың қанындағы бейбітшілік пен еңбексүйгіштік екі елді біріктіруші фактор болды. Жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында ҚХР басшысының Қазақстанға сапары-мәңгілік достық пен тату көршіліктің тағы бір дәлелі. Ол барлық перспективалы бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін берері сөзсіз.