Саясат AMANAT ПАРТИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР РЕТІНДЕ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫ ҰСЫНДЫ Редактор 06.10.2022 9036 1 оқу мин Елордада өтіп жатқан AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды. AMANAT партиясының және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі реформалардың басты мақсаты әділеттілік, теңдік, бірлік принциптерін орнықтыру екенін баса айтты. «Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!», — деді Ерлан Қошанов. Айта кетейік, бүгін барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар «AMANAT»-тың басты саяси іс-шарасына жиналды. Съезге жалпы 1200 делегат қатысып отыр. Оның 700-і – еліміздің түкпір-түкпірінен келген партия мүшелері. Еске салайық, биылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 41701 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 68790 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 76985