Саясат ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТІРКЕУГЕ 29 КҮН БЕРІЛЕДІ Редактор 13.10.2022 13555 1 оқу мин 12 қазанда ОСК кезектен тыс президент сайлауының үгіт-насихат кезеңіне өткен алғашқы кандидатты тіркеді. Ол – халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев. Сайлаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес, жалпы, үміткер ұсынуға ұзын-саны 19 күн берілсе, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтауға 29 күн көзделген, яғни бұл шара 21 қазанға дейін жалғасады. Осы аралықта сайлау заңнамасына сай толық іріктелген кандидаттар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1% қолын жинау қажет. 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы сайлаушыларының тізіліміне дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азаматты енгізген. Осылайша, әр кандидатты қолдау үшін сайлаушылардың 118 273 сенім қолы жиналуы қажет. Ол жиналған қолдардың дұрыстығы да 21 қазанға дейін тексеріліп бітуі керек. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағы бойынша, ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мына құжаттар болған жағдайда жүргізіледі: 1) қоғамдық бірлестіктің жоғары органының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі мәжілісінің осы қоғамдық бірлестікті Республиканың Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген хаттаманың үзіндісі; 2) Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініш; 3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары; 4) кандидаттың өмірбаяндық деректері; 4.2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; 5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат; 6) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 41613 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 68658 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 76803