Саясат ТҮРКІСТАН: ӨЗІҢІЗДІҢ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ АНЫҚТАП АЛЫҢЫЗ! Редактор 17.10.2022 10934 1 оқу мин 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 21 қазанда басталып, 18 қарашада аяқталады. Ал 19 қараша – тыныштық күні. 20 қараша күні сайлаушылар Қазақстан Президентін 7 жылға және бір мерзімге ғана сайлайды. Түркістан облысының әкімдігі өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі тәсілдермен алуға мүмкіндік береді: • Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/tur_saylaw_bot; • Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты: https://tur.saylaw.kz; • Қосымша сұрақтар болған жағдайда: 109 Call-орталығына хабарласуға болады. Осы байланыс құралдарының көмегімен өңір тұрғындары 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау күні дауыс бере алатын сайлау учаскесі туралы толық ақпарат (нөмірі, мекенжайы, байланыстары) ала алады. Айта кетейік, Түркістан облысында 1 168 477 сайлаушы тіркелген. Өңірде барлығы 919 сайлау учаскесі бар. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 6232 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 9810 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 438718