Саясат ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ САЯН АХМЕТЖАНОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ Редактор 20.10.2022 5402 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов Кентау қаласында болып, проблемалық құрылыс объектілердің бүгінгі ахуалымен танысты. Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасында көрсетілген тұрғын-үй саласындағы кемшіліктердің барысын бақылаған Саян Қылышұлы, ең алдымен 2020 жылы көпқабатты тұрғын үй салу үшін қазаншұңқыр қазылып, алайда бюджеттен қаржы бөлінбеуінің салдарынан құрылыс жұмыстары тұралап қалған 5 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Нысанның бүгінгі ахуалын баяндаған Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов «Нұрлы-жер» бағдарламасымен 2019-2021 жылдар аралығында 5 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыстары жоспарланып, 2020 жылдың соңында мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен құрылыс жұмыстары басталғанын және 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін қаражат бөлінбеуіне байланысты құрылыс жұмыстарының аяқталмай тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында қаржы аудару үшін Түркістан облысының құрылыс басқармасына бірнеше рет хат жолданғандығын тілге тиек етті. Келесі кезекте Превенция қызметінің басшысы 2021 жылдың тамыз айында тұрғындардың қолданысына берілген Ш.Уәлиханов көшесіндегі көпқабатты 10 тұрғын-үйге арнайы келіп, жаңа үйге қоныс тепкен 600 отбасының көгілдір отынға мұқтаж екендігіне көз жеткізді. Бұл бойынша қала басшысы Жандос Қалмырзаұлы бүгінгі күні қала аумағына газ келуіне орай бұл мәселе толық шешімін табатынын баяндап, тұрғын үйлерге газ жүйелерін қосу жұмыстары әкімдік тарапынан басты назарда екендігін баса атап өтті. Қаратау тәжі саналатын қалада орналасқан проблемалық тұрғын үйлердің құрылысымен жіті танысқан С.Ахметжанов бюджет есебінен салынып жатқан нысандардың сапа деңгейі мен белгіленген мерзімде орындалуына жүйелі қадағалау болуы тиіс екендігін әкімдік қызметкерлерінің назарына жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 223255 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 255024 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 263879