Саясат Ет өнімдерін Ресей және Өзбекстан елдеріне экспорттайды Редактор 20.10.2022 6415 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы мықты дамыған, өндірісті аудан. Мұнда ауыл шаруашылығының барлық салапсы қамтылған. Мал бордақылау, жылыжай, алма бау, жүзім бауы, егін шаруашылығы өрістеп дамып келеді. Ауданға қарасты Қарабұлақ ауылын елімізді етпен қамтамасыз етіп отырған орталық деуге болады. «NURYM GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2018 жылы жұмысын бастаған. Жеке есебінен және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. 10 мыңнан аса мал басына арналған мал бордақылайтын ферма мен ет өңдейтін цехтың жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жер көлемі 56,25 гектарды құрайды. Жобаның қуаттылығы 5000 тонна ет жылына өндіреді. Ет өнімдері Ресей және Өзбекстан елдеріне экспортталады. Мұнда 25 адам жұмыспен қамтылған. Ауылда екі қолға бір күрек тапқанына ауыл тұрғындары қуанулы. 2021 жылы өндірген өнім көлемі 1141,6 тонна ет өнімі болса, оның 962 тоннасы экспортталды. Биыл 9 айында өндірілген өнім көлемі 3800 тоннаға жуық ет өндірілді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жұмыстарын әрі қарай жалғастыруды көздеп отырған кәсіпкер алдағы уақытта бұдан өзге де цехтар ашуды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 101462 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 110992 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 117680