Саясат ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ КАНДИДАТТАРДЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБТАРЫН ОҚЫТУДЫ БАСТАДЫ Редактор 23.10.2022 6561 1 оқу мин Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады. «Қаржыландыру ережелерін бұзу және үгіт-насихат ережелерін бұзу сайлау науқандарының өте маңызды аспектісі болып саналады. Ол үшін әкімшілік және конституциялық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Егер кандидаттардың штабтары ережелерді бұзса, бұл кандидатураларды алып тастауға да әкеп соғады», — деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров семинар қатысушыларына. ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын шығындар қалай қаржыланатынын түсіндірді. «Сайлауды қаржыландыру – сайлауды дайындау мен өткізуді қаржылық қамтамасыз етуге, сайлау алдындағы үгіт-насихатты қаржыландыруға байланысты шаралардың жиынтығы. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығындарды қаржыландыру ҚР Сайлау туралы конституциялық заңында жазылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру нормалары көзделген. Президент сайлауы осы мақсаттар үшін ашылатын жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Сайлау науқаны аясында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат шығындары қаржыландырылады», — деді С. Мұстафина. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 4770 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 7934 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 437177