Саясат ТҮРКІСТАНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ Редактор 23.10.2022 10130 1 оқу мин Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық ән байқауы өтті. «Түркістан – жүрегімнің төріндесің» тақырыбындағы сайысқа 2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар «Түркістан», «Отан», «Туған жер» жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дінмұхаммед Алпыс бас жүлдеге ие болып, байқау жеңімпазы атанды. Барлық қатысушылар Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің диплом және мақтау қағаздарына ие болды. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Акбар Исхаков пен қазылар алқасының төрағасы Емен Сәметов байқауды қорытындылып, жүлдегерлерге марапаттарын тапсырды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 43049 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 70145 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 78483