Жалпы, сайлаудың әлемдік тәртіптер мен қатынастарда үнемі өзгерістер әкелетіні заңдылық. Бұл ретте, Қазақстан – саяси тұрақтылығы мен экономикалық даму жағынан әлемдік аренада шынайы бағасын алып, өз орнын қалыптастырған мемлекет. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер әділетті қазақстанның символына айналды. Қазақстан Республикасында орын алып жатқан саяси өзгерістерге әлем саясаткерлері оң бағасын беріп, өз ойларын білдіруде. Елімізде өткен жалпыхалықтық референдум соның бір айғағы. Ынталы топ қалыптасып, саяси ұстаным бекуде. 2022 жылы 20 қараша күні елімізде маңызды саяси науқан – Президент сайлауы өтеді. Әдеттегі “Мен бармасамда сайлау өтеді” — деген көзқарастар сейілуде. Оған бірнеше себеп бар. Бірінші себеп немесе саяси әрекет ол еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан ауыл әкімдерін сайлау. Бұл ауыл тұрғындары үшін өте маңызды. Себебі халық тағайындалған әкіммен емес өздері сайлаған әкіммен бес жыл жұмыс жасайды. Осы ретте ауылдың барлық тұрғыны осы маңызды күнде бір-бірін сайлауға қатысуға ынталандырады. Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде Жолдауда айтылған болатын. 20 қараша күні өтетін Президенттік сайлауға қатысуға 12 кандидат ұсыныс білдіріп, әр түрлі сынақтамадан кейін алты үміткер орталық сайлау комиссиясына тіркелді. 21 қазанда сағат 18:00-ден бастап бір ай үгіт-насихат жұмысы, кандидаттар өз сайлауалды бағдарламасын жасап, штаб құрып белсене кірісіп кетті. Мемлекеттілік тұрғысынан келгенде барша кандидат өзіне сай лайықты, нәтижесін халық береді. Сіздерді осындай маңызды сәтте елдікті ту етіп, қасиетті Отанымыздың өрлеп, өркендеуне үлес қосуға шақырамын! Сіздің дауысыңыз маңызды. Жансерік ЖҰМАН, «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан қаласы мәслихатының депутаты