Саясат САЙЛАУҒА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ! Редактор 01.11.2022 8400 1 оқу мин Бүгінгі таңда елімізде халықтың әл-әуқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар. Биыл ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша Республикалық Референдум өткізу туралы шешім – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы арқылы бастау алды. Референдумда халық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Осылай отандастарымыз мемлекетіміздің болашағын айқындауда өз қалауын білдірді. Шыны керек, соңғы кездегі өзгерістерге халық қолдау білдіруде. Өздеріңізге белгілі, былтыр тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Жаңа жас көшбасшылар билікке келіп, халықтың қалауы орындалуда. Елде атқарылып жатқан жұмыстар көп, ал кезең-кезеңімен орындалатын шаруалар да аз емес. 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы бері мен де өз таңдауымды жасауға асықпын. Себебі мен ол күні тек менің ғана емес тұтас елімнің болашағы айқындалатынын анық білемін. Ол күні мен әдеттегідей өз сайлау учаскеме сайлаушылардың алдыңғы қатарында баруға бел будым. Маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртты белсене қатысуға шақырамын. Бұл сайлау — әрбiр қазақстандықтарға үлкен жауапкершiлiк, азаматтық белсенділік жүктейді. Менсіз де сайлау өтеді деген кертартпа пікірден арылатын уақыт келді. Нұрғали ОТАРОВ, Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 19612 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 46145 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 50216