Саясат САЙЛАУ КҮНІ БРАЙЛЬ ШРИФТІМЕН ТРАФАРЕТТЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ Редактор 01.11.2022 5335 1 оқу мин Осы жылдың 20 қарашасында өтетін кезектен тыс президент сайлауында Брайль шрифтімен трафареттер қолданылады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты. «2022 жылғы 22 қыркүйекте жүргізіліп жатқан жұмыстарды жетілдіру мақсатында ЕҚЫҰ ДИАҚБ сарапшыларымен онлайн-консультация өткізілді. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасау үшін халықаралық стандарттар мен ЕҚЫҰ елдерінің үздік халықаралық тәжірибесі егжей-тегжейлі қаралды», — деді ол Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысында. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы жұмыс тобы мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің мүгедек адамдардың тарапынан сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты келіп түскен ұсыныстарын зерделеді. Барлығы 30-ға жуық ұсыныс түсті. Олардың кейбіреуі дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру, сондай-ақ мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа еріктілерді, ым-ишара тілі мамандарын тарту мәселелерін жан-жақты қарастырады. «Брайль шрифтін пайдалана отырып, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін трафареттерді әзірлеу туралы ұсыныс ескерілді», — деді Анастасия Щегорцова. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 98091 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 107316 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 114060