Саясат ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЖОҒАРЫ Редактор 02.11.2022 6264 1 оқу мин Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Қарағанды облысында болып, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің қызметімен танысты. Кандидат кәсіпорын ғалымдарымен кездесіп, олардың ғылым саласын дамытуға қатысты пікірлерін тыңдады. «Фитохимия» холдингі – Қазақстан мен Орталық Азияның өсімдік шикізаты негізінде дайындалатын бірегей дәрілік препараттардың жетекші әзірлеушісі. Бүгінде кәсіпорын өсімдік шикізатын өңдеуден, субстанцияны алудан бастап дайын дәрілік нысандарды, бірегей фитопрепараттарды өндіруге дейінгі толық технологиялық цикл енгізілген фармацевтика саласындағы инновациялық жобаларды іске асырумен айналысады. Холдингтің құрамына ғылыми кешеннің өзі орналасқан ботаникалық бақ кіреді. Алайда кейбір мемлекеттік құрылымдар тұрғын үй кешенін салу мақсатында ҒЗИ ботаникалық бағының жерлеріне көз тіккен сыңайлы. «Бұл жерлерді кәсіпорыннан тұрғын үй кешенін салу үшін алуға болмайды. Мен ғылыми-зерттеу, ағартушылық және зерттеу мақсатында тірі өсімдіктердің коллекциялары зерттелетін және көрсетілетін аумақты жоюмен мүлдем келіспеймін. Технологиялардың дамуымен және адамзаттың жаңа жетістіктерімен өсімдіктерді және олардың ауруларды емдеудегі мүмкіндіктерін терең зерттеу бұрынғыдан да өзекті болып қала береді», деді Жигули Дайрабаев. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 218454 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 250648 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 259059