Саясат НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ШЫМКЕНТКЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Редактор 03.11.2022 10057 1 оқу мин ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Шымкентке сапары барысында Аймақтық сайлауалды штабқа соғып, партия активімен кездесті, сонымен бірге азаматтарды қабылдады. Іс-шара барысында Нұрлан Әуесбаев ЖСДП белсенділерін өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарымен таныстырды. Құжатта баса назар саяси реформаларға аударылғанын атап өтті. Үміткердің пікірінше, «Алдымен экономика, кейін саясат» стратегиясы тиімсіз болып шықты. Партиялық-саяси өрісті толыққанды реформалау қажет. Кезек күттірмейтін тағы бір өзекті мәселе – экономикаға тұсау болып отырған жемқорлық. Бұл жағымсыз құбылысты жою үшін ЖСДП-дан үміткер парақорларға қатысты жазаны барынша қатайтуды ұсынады. Әуесбаевтың пікірінше, сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет. Бюджет қаражатының бөлінуіне қатысты халықтық бақылау орнатылған кезде ғана сыбайлас жемқорлықпен күресуге болады. Нұрлан Әуесбаевтың пайымдауынша, ол үшін елге олигархтардың емес, халықтың түрлі топтарының қызығушылықтарын қорғайтын күшті бір палаталы парламент қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 19492 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 46041 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 50103