Саясат ҚАРАҚАТ ӘБДЕН: КӨПБАЛАЛЫ АНА БОЛУ – НАҒЫЗ ЕРЛІК Редактор 03.11.2022 6906 1 оқу мин ҚР президенті болуға үміткер Қарақат Әбден Ақтөбе қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиында үміткер жергілікті тұрғындармен, Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Жиын барысында президенттікке үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік сала, әйелдің қоғамдағы рөлі мен көпбалалы әйелдердің жағдайы туралы сөз қозғалды. «Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербеген көпбалалы аналар қоғамға, жастарға үлгі болу керек. Көпбалалы ана болу – нағыз ерлік. Бүгінгі кездесуге келген ақтөбелік әйелдер қауымы осының жарқын үлгісі бола алады. Олардың белсенділік танытып жүргені қуантады. Ел игілігі үшін әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дұрыс бағытта дамыту, ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасындағы бала тәрбиесі әйелдердің басты назарында екені белгілі болды. Өзім көпбалалы ана ретінде әйел-ана, қазақ қызы ұлт айнасына айналу керек деп санаймын», — деп атап өтті Қарақат Әбден. Жиналған әйелдер қауымы бала тәрбиесіндегі тіл мәселесінің өзектілігін де тілге тиек етті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 218064 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 250276 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 258666