Саясат МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН ӨСКЕМЕНДЕГІ «ВОСТОК МОЛОКО» КОРПОРАЦИЯСЫНА БАРДЫ Редактор 04.11.2022 5059 1 оқу мин Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Өскемендегі «Восток молоко» корпорациясына барды. Үміткер әуелі ұжым қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бөлімдерін түсіндірді. Жиынға қатысқан жұмыскерлердің тарапынан экономикалық реформалар мен азаматтық қоғамды дамытуға қатысты сұрақтар туындады. Өз кезегінде кәсіпорын басшысы Сейілжан Сайлаубаев инфляцияның өсуі, халық пен бизнестің несиеге батуы, ең төменгі жалақы көрсеткіші сияқты проблемалық мәселелер бойынша пікір білдірді. М.Қажыкен айтылған пікірлермен келісіп, бұл тақырыптардың басым бөлігі сайлауалды бағдарламаға енгізілгенін айтты. «Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының қалай анықталатыны белгісіз. Мен оны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше ЕТЖ 60 мың емес, кем дегенде 150 мың теңгені құрайтын болады», деді кандидат. Ол алдағы уақытта еңбек саласында әлеуметтік әріптестікті дамытуды жоспарлап отырғанын жеткізді. «Кәсіпкерлер мен кәсіподақтар кез келген мәселелерді бірге шешуге тиіс. Ал көшбасшы заң болуы керек. Біз әркімнің мүддесі ескерілетін және әр азамат өзі үшін шешім қабылдауға, өз мүдделерін қорғауға құқығы бар мемлекет құрып жатырмыз», деп атап өтті кандидат. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 95787 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 105002 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 111709