Саясат Қазақстандық тілшілер Балыкесир Журналистер одағымен өзара тәжірибе алмасты Редактор 13.12.2022 17534 1 оқу мин Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир Журналистер одағының ғимаратында, Одақты Музейінде болып, өзара тәжірибе алмасты. Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир қазақ әріптестеріне сапар үшін алғыс айтып, екіжақты тиімді қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы балыкесирлік әріптестерге рахмет айтып, Қазақстанда қонақ болуға шақырды. Түркі елдерінің медиа бірлігін қалыптастыруда түркі журналситерінің маңызы зор. Бауырлас халықтарға бірін бірі танытатын, ортақ құндылықтарды насихаттайтын да – БАҚ өкілдері. Түрік әріптестер тарапынан арнайы жайылған дастарқан басында арқа-жарқа әңгіме айтып, пікір алмасқан қазақ-түрік журналистер болашақта атқарылуы тиіс шаруалар мен жүзеге асырылатын жобалар жайлы кеңесті.Кездесу соңында Рамазан Демир Нәзия Жоямергенқызына Балыкесирдің тарихы мен журналистикасынан сыр шертетін кітаптар табыстады.“Біз үшін Балыкесир құрама командасының орны бөлек”, – деген Рамазан мырза Құраманың футболкасын сыйлады. Қазақ делегациясы Балыкесир журналистер одағының төрағасына қазақы шапан жапты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 16490 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 42694 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 45832