Кешегі қаңтар оқиғасы елдің жүрегіне жара салып кетті. Талай адам оққа ұшты. Азап көрді. Алматыда сол қаңтар құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің тұғырын шайқалтпақ болған қайғылы оқиғадан бері жылға жуық уақыт өтті. Жаңадан бой көтерген мемориал – біздің сәулет өнеріміздің көрнекті нысаны және еске алу орны. Бұл болашақ ұрпақ үшін сол оқиғаларды қайталамау туралы үнемі еске салады. Онда бәрі бар – азап, үміт, ата-бабалардың еркіндік үшін күресі, келешек ұрпақты бейбітшілігі мен бірлікке шақыруы. Мемлекет басшысы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде бұлі шараның еліміз үшін айрықша мәні бар екенін еске салды сондықтан. Өйткені, дәл осы қара түнек күндері көпшіліктің көкейіндегі «ел болып қаламыз ба, жоқ па» деген сұрақ әр қазақстандықты қатты алаңдатты. Бірақ қазақтың мызғымас бірлігі қатердің бетін қайтарды. Осылайша, мерейлі мемлекеттігіміздің тұғыры сақталып қалды. Елдігіміз, мықты мемлекет екеніміз бүкіл әлемге, дүйім жұртқа танылды соның арқасында. — Бірақ біз мызғымас бірлігіміздің арқасында қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді таныттық, мықты мемлекет екенімізді көрсеттік. Ел ішіне іріткі салғысы келген топтарға тосқауыл қойып, жымысқы әрекеттің жолын кестік. Бірқатар қалада өткен бейбіт шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Әсіресе, тәуелсіздігіміздің алтын бесігі – Алматы қаласы қатты зардап шекті. Қарақшылар қаланы қиратты. Күштік құрылымдарға шабуыл жасап, қару-жарақ қоймаларын тонады. Соның кесірінен жазықсыз адамдар опат болды. Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ үзілген өмір қайта жалғанбайды, — деді Президент. Қаңтар қасіреті қазақ халқы үшін үлкен сабақ болды. Осы оқиғалардан соң Президент бастамасымен бірден елде іргелі реформалар жүргізу қолға алынды. Әйтпесе, мемлекетіміздің саяси жүйесінің тоқырауға ұшырауы әбден мүмкін еді. Отыз жылға жуық уақыт бойы жемқорлық, монополия мен олигополия билеп-төстеген елде бірден әділдік, ашықтық пен демократиялық орнату мүмкін емес әрине. Шетел асып кеткен қаншама активтерді – халық қазынасын елге қайтару ісі қолға алынды Мемлекет басшысының тапсырмасымен. Сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді, оған жол бергендерге еш рақымшылық жасалмайтын болды. Монополияның жолы кесіледі, тек әділ әрі ашық бәсекелестікке жол ашық. Тіпті, қаңтар оқиғасының биліктің бір адамның қолына шоғырлануының салдарынан орын алғаны ашық айтылып, ел басқарған президентке осы кезге дейін ұсынылып келген артықшылықтар мен құзыреттер алынып тасталды. Конституцияға өзгерістер енгізу үшін референдумда дауыс беру арқылы қазақстандықтар бұл жаңашылдықтарды зор үмітпен қолдады. Мемориалдың стелаларында Қазақстанның тарихи тұлғаларының дәйексөздері ойып жазылған. Ұлы адамдардың сөздерін оқи отырып, біздің жастар білім, тәрбие мен тағылым алады. Осылайша, мемориал ата-баба өсиеттеріне сабақтастықты көрсетеді және болашақ ұрпаққа мол тәлім береді деп ойлаймын. Бақдәулет Бегалиев, Заң ғылымдарының кандидаты, “Қоғамдық келісім” КММ-нің Ғылыми — сарапшылық топ жетекшісі