Саясат ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҮНДЕУІНЕ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҮН ҚОСТЫ Редактор 17.01.2023 4933 1 оқу мин Бүгін «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының бірлескен отырысы өтті. Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Қ.Балабиев жүргізіп отырды. Аталған жиынға Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы А.Жетпісбай, Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мұқашев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары қатысты. Бірлескен отырыстың күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі енгізілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мұқашев, облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов және Түркістан облыстық мәслихатының аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов баяндама жасады. Баяндамашылар өңірде Президенттің сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Бұл ретте «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Мұқашев аумақ дамуындағы депутаттардың рөліне айрықша тоқталды. «Көбіміз Еуропа елдеріне, қалаларына, ауылдық елді мекендеріне барып қайттық. Олардың әл-ауқаты, ондағы барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының тиімді жұмысына таң қалмау мүмкін емес. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап осы еуропалық қалалар мен ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу және пайдалануға беру, абаттандыру бойынша барлық жұмыс жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органдарының жетекшілігімен атқарылуда. Құр атқарылып қана қоймай, жалпы ел саясаты білгір депутаттардың белсенді қатысуымен жергілікті жерлерде жүргізіліп келеді» деді РҚБ төрағасы. Сондай-ақ ол бүгінгі таңда барлық мәслихат депутатының Жаңа Қазақстанды құру үшін өз алдында қандай жауапты және күрделі міндеттер тұрғанын терең түсінуі керектігін атап өтті. Жиын соңында Т.Мұқашев «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан белсенді депутаттық қызметі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар облыстық мәслихат депутаттарын «Құрметті депутат» төсбелгісімен және Грамотамен марапаттады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 119259 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 128415 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 135720