Сайлау — ол әр азамат, ол мейлі Қазақстанда болсын, ол мейлі басқа мемлекетте болсын сайлауға барып, дауыс беру оның құзырлы құқығында. Бейжай қарап, «менің дауысым маңызды емес» деген теріс пікірден арылу қажет. Белгіленген өз учаскеңізге барып, атаулы датада дауыс беру аса маңызды! Әр кезекті сайлауда қуантар жайттардың бірі — жастар саясатының жүйелі жүзеге асуы. Жастар қауымы жоғары билікке өтіп, Жаңа Қазақстан жаңа келбетіне айналуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде депутаттық мандаттың 30 пайызы әйелдер мен жастарға бөлінетінін айтты. Бұл – ел ертеңі үшін, яғни жастар үшін үлкен қолдау деп ойлаймын. Сайлау – азаматтық көзқарас пен жауапкершілікті жүктейтін нағыз патриоттық акт. Өйткені әлемдегі күрделі геоэкономикалық және геосаяси жағдай халықаралық құқықтық қарым-қатынас пен нормаларды берекетсіздікке ұшыратып отыр. Бұл саяси науқанға қаламыздың әрбір азаматы белсенділік танытып, еліміздің болашағына нақты қадам жасап, өз таңдауын жасауы керек. Алдағы сайлауда халықтың сеніміне ие болған азаматтар билікке келіп, Қазақстан бұдан да күшті әрі тұрақты, заң мен әділеттілікті қатаң сақтайтын мемлекет болатынына сенім мол. Расында да, еліміздің өркендеп дамуы, жаңашылдыққа жаңа қадамдар жасауы — Алаш жұртшылығының арманы. Сол үшін, алдағы сайлаудан үміт көп! Бекболат ТІЛЕУБЕРГЕН, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Студенттік Парламент төрағасы