Алдағы сайлау еліміздің болашағы үшін аса маңызды саяси процесс – трансформациялық жаңарудың алғышарттарының бірі болмақ. Яғни, Мәжіліс пен мәслихат сайлауы мемлекеттік институттардың жетілуіне, Парламенттің тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді. Халқымыз үлкен өзгерістер мен жағымды жаңалықтардың боларын күтеді. Алдағы сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бір мандаттық жүйемен сайланатын болады. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттарының 50 пайызы партиялық тізім бойынша, 50 пайызы бір мандаттық жүйе тәртібімен сайланып, ауылдық және қалалық мәслихаттарының депуттары бір мандаттық жүйе бойынша сайланатын болып бекітілді. Бүгінде көріп отырғандарыңыздай, әлеуметтік желілерде азаматтардың осы саяси бәсекеде белсенділіктері жоғары екендігі байқалуда. Бұл — елімізде Президент бастамашы болған жаңғырудың, яғни әділдікке, ашықтыққа, демократияға негізделген қоғамның, мемлекеттің, биліктің құрылып жатқанының нақты көрінісі. Яғни, сайлауға түсушілер өздерінің саяси белсенділігін, мемлекетті басқару ісіне дағдыланғанын, өз отанының болашағын айқындау мүмкіндігіне ие болғандығын көрсетуде. Бұл — саяси жаңғыру үстіндегі Қазақстанның қарқынды қадамы. Қазақстанның жаңа саяси мәдениеті мен сауатының қалыптасуы сайлау бәсекесінің барысынан-ақ көрініс беріп отыр. Ашық, әділ жүріп жатыр. Сайлау науқанына ел азаматтарының белсенділік танытуы еліміздің дұрыс даму бағытында келе жатқанын көрсетіп, жаңғыру реформаларының ойдағыдай жүріп жатқанын білдіреді. Әсіресе, бұл саяси науқан жалынды жастардың билікке араласуын арттыра түсуге де сеп болады. Баршаңызды әділ әрі белсенді түрде дауыс беруге шақырамын! Сейдулла САДЫҚОВ, ХҚТУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор