Саясат ҮКІМЕТ МӘЖІЛІСІНДЕ ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Редактор 07.03.2023 8531 1 оқу мин Бүгін ҚР Премьер-министрі А.Смайлов Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар министрлердің қатысуымен арнайы мәжіліс өткізді. ????Үкімет басшысы жуырда мегаполиске жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Алихан Асханұлы республикалық маңызы бар қаланы дамытуға ықпал ететін 19 тапсырманың орындалуы бойынша ведомство басшыларының, қала әкімінің есептерін тыңдады. ????Бүгінде тапсырмаларды мерзімінде орындау мақсатында орталық және басқа да уәкілетті органдармен тиісті жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде, республикалық бюджетті нақтылау барысында министрліктерге сұраныс енгізілді. ????Жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы мен өзекті мәселелерді баяндаған Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис үшін маңызды «Тұран» шағын ауданындағы Оқушылар сарайы құрылысына қалаға қаралған лимит шегінде қаржы қарастыру және «Қайнарбұлақ» шағын ауданын табиғи газбен қамтуға қаралған қаражат бойынша сұраныстарын жеткізді. Бұл Мемлекет басшысының және Премьер-министр тапсырмаларын мерзімінде орындауға және халықтың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. ????Бүгінгі таңда Премьер-министр нақтылаған 5 тапсырма орындалып, қалған міндеттемелерді жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 35982 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 62656 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 69228