Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР Редактор 19.03.2023 8764 1 оқу мин Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Түркістан облысы — еліміздегі сайлаушылары ең көп өңір. Мұндағы 941 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден өз жұмысын бастады. Бұл орайда, Сайрам, Сарыағаш, Бәйдібек, Келес аудандарында жергілікті халық бүгінгі сайлауға белсенді қатысып жатыр. Азаматтар саяси науқанға көтеріңкі көңіл күймен келіп, өз таңдауларын жасауда. Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жасақталған. Бұл — сайлау демкоратияның жарқын көрінісі. Себебі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңадан сайланады. Оның үстіне Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы бірге өткізілуде. Облыста сайлауға 1131 кандидат түсіп жатыр. Олардың 19-ы Мәжіліс депутаттығына үміткер. Партиялық тізім бойынша 6 партиядан 79 адам тіркелген. Ұсынылған кандидаттардың 1007-сі – ер, 124-і – әйел адам. Ең жасы 21-де, ең үлкені – 70-жаста. Жалпы облыс бойынша тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 1 млн 168 мыңнан асады. Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығында сайлаушылардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Ал сайлаудың әділ, әрі заң шеңберінде өтуін үміткерлердің сенімді өкілдері мен байқаушылар мұқият қадағалап отыр. Олардың арасында халықаралық байқаушылар да бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 38638 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 65657 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 72879