Саясат ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНДАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ Редактор 19.03.2023 7943 1 оқу мин Бүгін, 19 наурыз таңғы сағат 07:00-ден бастап Шардара ауданындағы барлық сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады. Алғашқы дауыс берушілерге сый-сияпаттар жасалып жатыр. Бүкіл әлемге танымал «Шардара Армспорт» спорт клубының чемпиондары дауыс берді. «Сайлау науқанына қатысу әрбір азаматтың міндеті деп білеміз. Өйткені мұнда ел болашағы тұр. Әрбір тұрғын өз жауапкершілігін сезінуі керек деп ойлаймыз. Біз әлем алдында еліміздің абыройын көтерсек, сайлауда елдің халыққа сенім артқан жүгін көтерудеміз», — деді чемпиондар. Аудан бойынша 43727 сайлаушы бар, ол халықтың 54 пайызын құрайды. Шардара ауданында 1 аудандық сайлау комиссиясы және 33 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Аталған учаскелердің 2-уі жабық сайлау учаскесі. Жаңадан ашылған сайлау учаскелері жоқ. Барлық сайлау комиссиялары орналасқан жайлар мен дауыс беру өтетін орындар заңға сәйкес материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталып, санитарлық нормалары сақталған. Байланыс телефоны, қосымша электр көздерімен толық қамтылған. Айта кетсек, бүгін Шардара қаласындағы қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетіп жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 218454 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 250648 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 259059