Саясат ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА 100 ЖАСАҒАН ӘЖЕЙ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ Редактор 19.03.2023 8400 1 оқу мин Бүгін елімізде өтіп жатқан Парламент мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына 1923 жылы туған 100 жастағы әжей Ұлдаш Әлімбекова 509 сайлау учаскесіне өзі барып дауыс берді. Елмен бірге өз таңдауын жасауға келген Ұлдаш әжей бұл сайлау елдің ынтымақ-бірлігін арттырып, жаңа өзгерістер әкелетініне үмітті. «Бүгін елімізде сайлау өтіп жатқанда үйде тыныш отыра алмадым. Мемлекетіміздің, халқымыздың, балаларымыздың болашағы үшін маңызды шараға мен де өз үлесімді қосайын деген ниетпен балаларымды ертіп келдім. Бізде балалық шақ деген болмады. Ел тарихындағы қиын кезеңдер мен ауыр бейнет ерте есейтті. Енді, Құдайға шүкір, еліміз егемендігін нығайтып, жарқын болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Келешегіміз бұдан да жақсы болатынына сенімім мол», — дейді 100 жасаған әжей. Еске сала кетсек, бүгінгі сайлауға Отырар ауданы бойынша 28957 сайлаушы дауыс беруге қатысады. Ал, Түркістан облысы бойынша тіркелген сайлаушылардың жалпы саны — 1 млн 168 мың 658. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Аида Балаева Санкт-Петербургте өткен Халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысына қатысты 1 оқу мин Саясат Аида Балаева Санкт-Петербургте өткен Халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысына қатысты 12.09.2025 4071 Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 12153 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 15787