2023 жылы 19 наурызда Қазақстан Республика Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы өтті. Сайлауда 7 партия 525 үміткер партиялық тізім бойынша ұсынылды. Солардың ішінде 98 үміткер депутаттыққа сайланады. Сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыты кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасты. «Еуразиялық интеграция институтының» өкілдері ұсынған Exit Pool нәтижесі бойынша, алғашқы үштікте Amanat партиясы (53,46), «Ауыл» партиясы (10,52) және «Respublika» партиясы (8,9) тұр. Сонымен қатар Қазақстан халық партиясы (6,25), «Байтақ» жасылдар партиясы (3,22), «Ақ жол» партиясы (7,87), Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (5,31) сайлауға қатысты. Дауыс берушілердің 4,47 пайызы «барлығына қарсы» бағанын таңдаған. «Социс-А» институтының ұсынған Exit Pool нәтижесінде: «Аманат» – 54,42 пайыз; «Ауыл» – 10,21 пайыз; «Республика» – 8,79 пайыз; Қазақстан халық партиясы – 6,89 пайыз; «Байтақ» – 2,17 пайыз; «Ақ жол» – 8,21 пайыз; ЖСДП 4,91 пайыз дауыс жинады. Сайлаушылардың 3,65 пайызы «Барлығына қарсы» деп дауыс берген. Шет елдерде жалпы 77 сайлау учаскелері құрылып, дауыс берген Қазақстан азаматтар саны – 5071. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. Құралай Райымқұл, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы «Медиажурналистика» мамандағының 3-курс студенті.