Саясат АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛ ЕЛ ТАҒДЫРЫ ШЕШІЛЕТІН МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ БОЛМАҚ — ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ Редактор 29.03.2023 8930 1 оқу мин Ашық әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін нарықтық экономика қалыптастыру басты басымдық болып қала береді. Бұл туралы VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Нақты басымдықтар форматында жұмыс істеу керек. Аса маңызды мәселелерді дереу шешу қажет. Бірақ кейбір мәселені кейінге қалдыруға, ал бірқатары бойынша алдағы шешімдердің тек жобасын белгілеуге тура келеді. Әйтпесе, еңбегіміз зая кетеді және қолда бар ресурстарымызды сарқып аламыз. Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ. Елімізді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыру керек. Ол үшін экономикаға қажетті ережелер мен қағидаларды өзгерту қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Президент бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалғанын айтты. «Монополиядан арылту және елімізден заңсыз шығарылған капиталды қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл елімізге орнықты, бәсекеге қабілетті ірі бизнес керек емес дегенді білдірмейді. Керісінше, қажет екені сөзсіз және біз оны қолдаймыз. Ірі бизнес біздің жаңа экономикалық парадигмада жаңаша жұмыс істей бастайды әрі міндетті түрде дамиды. Жалпы, ашық әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін нарықтық экономика қалыптастыру басты басымдық болып қала береді», — деді Мемлекет басшысы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 39748 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 67113 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 74549