Саясат КӨКТЕМГІ ӘСКЕРИ ШАҚЫРЫЛЫМ БАРЫСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 310 ЖІГІТ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ Редактор 06.04.2023 11135 1 оқу мин Биылғы 1 наурызда басталған мерзімдік әскери шақыру науқаны Түркістан облысында қызу жүргізілуде. Бұған дейін 31 азамат Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жолданса, енді 50-ге жуық әскерге шақырылушы Қонаев қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің десанттық шабуылдау бригадасына аттануға дайын. Ал жалпы бүгінге дейін 310 азамат сарбаз атанды. Кентау қаласында орналасқан облыстық жинақтау пунктінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Бейсен Тәжібаев, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер департаменті өкілдері және өзге де комиссия мүшелері сарбаздармен кездесіп, жағдайларымен танысты. Комиссия мүшелері әскерге шақырылушыларға абыройлы міндетті адал әрі жауапкершілікпен атқару керектігін жеткізді. ҚР Қарулы күштер ардагерлері кеңесінің Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасы Бабай Алдабергенов ізгі тілегін арнап, Отан қорғау жолында азаматтық танытуға шақырды. Айта кетейік, әскерге шақырылушылар комиссия мүшелерімен әңгімелесуге дейін медициналық, полиграфиялық және психологиялық зерделеулерден өткізіледі. Түркістан облысы бойынша 2023 жылы 2200 азаматты көктемгі әскери шақыру науқанына шақыру жоспарланған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 40055 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 67340 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 74952