Ауылда болсын, ауданда болсын жұмыссыздықты азайтып, азаматтардың екі қолға бір күрек табуы үшін бүгінде түрлі бағдарламалар қолға алынып, аталған әмселенің біртіндеп күрмеуі кертіліп келеді. Ол үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шарапатын көргендер аз емес. Ауқымды жобаның маңызды бағыттарының бірі — «Жастар практикасы» бүгінде жастардың оқу бітіре салып жұмыссыз қалмауы үшін барынша кқмек қолын созып келеді. Оқу орнын бітірген жас түлектерді жұмыспен қамтып, тәжірибе жинақтауына, біліктілігін арттырып, бағыт-бағдар сілтеуге септігін тигізетін бұл жоба жастарға демеу болып тұр.Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының нәтижесі жемісті. «Жастар практикасы» арқылы жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігін медицина мен білім саласы бойынша диплом алғандар болып тұр. Өйткені аудан орталықтарында да, шалғай шеттегі ауылдарда да тек осы мамандарға сұраныс бар. Биыл жоспар бойынша жастар практикасына 120 адамды жіберу көзделіп отыр.
«Жұмыспен қамту 202 жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп жатқандардың саны аз емес. Былтыр 15 мекемеге 55 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, биылғы жоспар 100 адамды құрайды. Негізінде оқу бітірген жас түлектер өздеріне тиімді бағдарламалардың бар екенінен хабарсыз болғандықтан жұмыссыздар қатарын толықтыруда. Сол үшін оқу орындарында ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілсе артықтық етпес еді.