Оңтүстікқазақстандық жанкүйерлердің көптен күткен ойыны БИІК Спорт кешенінде өтті. Атырау командасы мен Ордабасы футбол клубы басты ойындарын өткізді. Бұл ойын Қазақстан премьер лигасының 24 туры. Алдыңғы ойында Ордабасы командасы Қарағандылық Шахтер командасымен сырт алаңында кездесіп 2:1 есіппен жеңілген болатын. Ал бұл ойынды Ордабасылықтар өз футбол алаңында ойнау керек болатын. Алайда бұл кездесуді Қажымұқан атттыңдағы стадионда емес БИИК спорт кешеніне ауыстыруға тура келді. Оған себеп қажымұқан стадионы премьер-лиганын талаптарын сай келмеген. Ойында Атырау қаласының аяқ допшылары бастағанымен Ордабасы командасының футболшылары жойқын шабуылдармен қарсы алды. Алғашқы таймда Мардан Төлебектің айып алаңының сыртқы жағынан жасаған соққысы қақпа бағанасына тиіп кері қайтты. Ордабасы командасының бапкері Алексей Петрушиннің шәкірттері қайта-қайта қақпаны нысанаға алғанымен, бірінші таймда есеп ашуға реті келмеді. Ордабасылық команданың 12-ші ойыншысы болып отырған жанкүйерлері бірінші таймда есеп ашылмағанына қарамастан, ойынға аса зор үлестерін қосып отырды. Ордабасылық Техас фан клубына биыл 4 жыл болғандықтан жанкүйерлер осы ойынан жеңісті күтетіндер жасырмады. Екінші таймда айып алаңы шыққан аяқ допшылары ойын барысында жойқын шабуылдарды көрсетті. Үміттерің үзбеген Техас фан клубын 4 жылдық мерей тойыларына сый ретінде қуанттып Ордабасы командасының ойынщысы Еркебұлан Тұнғышбаев қарсыластын қақпасына есеп ашты.Ордабасы командасы қуаныштарын көпке создырмай ойындарын жалғастыра кетті. Бірнеше шабуылдан кейін қарсылас Атырау командасынын қорғаушыларынан суырылып өтіп Таңат Нөсербаев тамаша соққымен гол салуға қол жеткізді.Ойын 2-0 есебімен аяқталды. Ордабасы командасы премьер лига тізімі бойынша 44 ұпайымен 3 орында. Енді жерлестеріміз 26-тамыз күні Қызылорда қаласында жергілікті «Қайсармен» күш сынасады.
Связанные истории
30.09.2017
41890