
Оңтүстік Қаақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданында спорт мектептері арасында жарыс болып өтті. Жасөспірімдер волейбол, үстел теннисі, арқан тарту, қашықтыққа жүгіруден және шахмат ойнаудан үздіктерді анықтады. Шара «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған. Спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Имангелді Түймебаев ашып, жетістікке жеткен бірқатар спортшыларды марапаттады. Аудан әкімінің «Алғыс хатына» Қойшыбай Нарбеков, Манзура Омартаева, Дінмұхамбет Оразбек, Серік Байбековтер ие болды. Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Құрмет Грамотасына» Қалабай Қасқатаев, Айдос Сералиев, Хамитбек Андақұлов, Ғани Игіліков және Ақтөре Жайылбек сынды спорт шеберлері лайық деп танылды.Қашықтыққа жүгіруден, арқан тартудан, волейболдан, шахматтан және үстел теннисінен өткен жарыста жалпы командалық есепте №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі алдыңғы қатардын көрінді. Жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Ал, №3 және №5 спорт мектептері кейінгі орындарды бөлісті.Жарыс соңында аудан басшылары Ғабит Патсаев пен Абай Өтеболатов сынды спорт ардагерлерінің үйлеріне барды. Үлгі тұтар тұлғалардың жағдайын біліп, арнайы «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.
АЙЖАН Әшірхан