
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы Қажымұқан атындағы стадионда көптен күткен жары шамдары орнатылуда. Жуырда ғана облыстың бас аренасында қосымша құрылғыларды орнатып жұмыс басталып та кетті. Бүгінгі таңда монтаждаушылар дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп, жарықтандыру құрылғыларын орнатуды бастап та кетті. жұмыс қыркүйек айында толық аяқталады деп күтілуде. Орталық стадионда осы уақытқа дейін ФИФА талаптарына жауап беретін арнайы жарықтандыру құрылғыларының жоқтығы басты проблема болатын. «Аталған жұмысқа бөлінген қаржы 204 миллион теңгені құрайды. биыл стадионның пайдалануға берілгеніне 50 жыл толады. осыған орай бұл үлкен көмек болғалы тұр» дейді стадион директоры Құралбай Өкшебаев. Өткен жылы жарықтандыру орнату үшін республикалық бюджеттен 200 млн теңге бөлінген екен. Мемлекеттік сатып ау жылына үш рет өткізіледі. Қорытынды сатып алу бойынша жеңімпаз деп «Spectr Energy Group» ЖШС і танылған. аталған серіктестік басшысы Нұрлан Нұржанов: Арнайы жоспар бойынша бүгінде дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. қоймадан барлық қажетті құралдар жеткізілді. Ескі желілерді жаңартып жатырмыз. Тамыз айының соңында тапсыруымыз қажет» — дейді.