
Ағымдағы жылдың 25-26 тамызында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің кубогы үшін волейбол және шағын футболдан турнир өтті. Аталған іс-шараның мақсаты, қызметкерлердің спорттық дәрежесін көтеру, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.«Қажымұқан» атындағы орталық стадионында өткен жарысқа ОҚО-ның Ішкі істер органдары, арнайы ұымдар және күштік құрылымдардан құралған 24 команда қатысты. Турнирді салтанатты түрде ОҚО ІІД-нің бастығы полиция полковнигі Ж. Сулейменов ашып, қатысушыларды Конституция күнімен құтықтап команда мүшелеріне сәттілік пен спортта жеңіс тіледі. Екі күндік спорттық жарыс нәтижесі бойынша волейболдан бірінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы, екінші орынды ОҚО ІІД-нің командасы, үшінші орын облыстық Сотының командасы иеленді. Ал, шағын футболдан ОҚО ІІД-нің командасы үздік шықты. Екінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы, үшінші орынды ОҚО ТЖД-нің командасы иеленді.Турнир соңында барлық жеңімпаздарға және әр-түрлі спорттық номинациялардың жеңімпаздарына грамоталар, кубоктар, медалдар және бағалы сыйлықтар табыстады.