Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы тағы бір спорттық кешен жекенің қолына өтті. Арнайы өткізілген электронды аукционнан Мұз сарай сатылымға шықты. Осы уақытқа дейін мемлекеттің меншігінде болған бұл спорт нысанының 67 пайыз акциясы бар болатын. Арнайы сатылымнан белгілі болғаны спорттық кешен 128 миллион теңгеге бағалынып сатылған. Аталған спорт кешені облысымыздағы қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік беретін жалғыз кешен. Қалалық № 8 спорт мектебінің 450 шәкірті осында дайындалады. Соңғы жылдары республикалық турнирлер де осы «Мұз сарайында» өткен еді. Енді спорт кешенінің жаңа қожайыны кім екені әзірге белгісіз. Жаз бойына жабық тұрған Мұз сарайының есігі 31 тамыз күні ғана қайта ашылған болатын. Спорт кешені директорының орынбасары Ержан Мұхитдиннің сөзіне сенсек, бүгінде мұздың қалыңдығы 5 сантимер. Талапқа сай болу үшін тағы 3 сантимерге дейін қалыңдатылады.Дегенмен, бүгінде мәнерлеп сырғанаушылар, шорт-трек және хоккейшілер жаттығуларын бастап кеткен. Өйткені, олар қазан айынан бастап республикалық жарыстарға шығады. Дайын болуы қажет. Оның үстіне бұл Мұз айдыны кәсіби спортпен шұғылдануға тарлық етуде. Жыл өткен сайын спортшылардың кәсіби деңгейіне байланысты олардың жаттығу уақыты артуы қажет. Қалалық қысқы спорт түрлері мектебінің алдына нақты жоспар қойылған. Ол — қысқы Олимпиада ойындарына үш жолдама жеңіп алу. Бұл мақсатқа жету үшін тыңғылықты дайындық болуы тиіс. Мұз айдынының жаңа иелігі спортшыларға да, бапкерлерге де жаңа мүмкіндіктер сыйлары анық.
Связанные истории
30.09.2017
41723