Оңтүстік Қазақстан облысындағы бастауыш сынып оқушыларына білім күнінен бастап футбол сабақтары оқытылатын болды. Қанатқақты жобаны Қазақстан футбол федерациясы ұсынған, ол үшін еліміздегі 147 мектепті таңдалып отыр. Оның ішінде біздің облысымыз да бар.
Бірінші және төртінші сынып арасында оқытылатын дене шынықтыру сабақтарының әрбір үшіншісінде футбол әліппесі өткізілетін болады.
Футбол федерациясының хабарлауынша «балалар жасөсіпірімдер футболын дамыту мақсатында Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып «Орта мектептердегі бірінші және төртінші сынып аралығында футбол сабақтарын оқытудың әдістемелігі» әзірленіп отыр» делінген.
Әдістемелік құрал көптеген иллюстрациялар топтастырылып, бала танымына түсінікті етіп жазылған. Оқулық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Балаларға дене шынықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау және футбол туралы жан жақты мәлімет беріледі. Жоспар конспектілер балаларды дайындаудың еуропалық озық үлгілерінен алынған.
Алаңда допты қалай шырқ үйіріп әкетудің әдістері, техникалық топтамалар, жатығулар жиынтығы барлығы да балалардың бойындағы шапшаңдық, иілгіштік, алғырлық, тапқырлықты, бейімділікті жетілдіруге арналған. Сондай ақ физикалық және техникалық дайындықты анықтайтын тесттер де бар.