Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ елді мекенінде дәстүрлі түрде өтетін футболдан жарыс ұйымдастырылды. Аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен ұйымдастырылған жарысқа 24 команда қатысты. Жарысты ауданның құрметті азаматы Әзімхан-қажы Қуанышбек ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары С.Сағындыков, К.Сыздықов, ауыл әкімі А.Юсаев, аудандық денешынықтыру және спорт Б.Асқаров футболшыларға сәттілік тіледі. Әлемдік Олимпиада чемпионы болған Еркебұлан Шыналиев те аяқдопшыларға жеңіс тіледі. Қатысушылардың көптігіне байланысты командалар 8 топқа бөлінді. Үш команда ауылдық сорттық алаңшасында ойнады. Жасыл алаңда аяқдопшылар ойынның көрігін қыздырды. Жеңісті қолдан бермейтіндерін байқатты. Дегенмен жарыстың аты жарыс. Жарыс қорытындысы бойынша Ақарыс командасы жеңіп алып, 100 мың теңге , екінші орынға Қасымбек датқа ауылының командасы лайық деп танылып 70 мың теңге сыйақы алды. Құтарыс ауылының командасы 50 мың теңге сыйақы алып, үшінші орынға тұрақтады. Жарыс соңында 500 адамға қайырымдылық ас берілді. Ұйымдастырушылар Алғыс хаттармен марапатталды.