Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде спорт саласы жоғары деңгейде дамып келеді. Оған дәлел спортшларымыздың әлемдік додадардан олжасыз қайтпауы. Бүгінде облыс көлемінде 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда. 2017 жылдың 1 тоқсанында облыс спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 2 күміс және 2 қола медальге ие болды. Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Облыста 5 — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 30 – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 176 – спорт шеберіне үміткер дайындалды. Өңірімізде 86 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. 13 облыстық, 58 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 9 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары, 1 Олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1спорттағы дарынды балаларға арналған интернат және 1 акционерлік қоғам.
2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысымызда 5178 спорт нысандары тіркелген. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 1027 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 122107 адам қатысты, оның ішінде ауылды жерлерде 635 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 80398 адам қамтылған.
2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 640815 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 22,5 % жетіп отыр.